×

«БЕКІТЕМІН»

«Мұз айдыны» ШЖҚ  КМК директоры

           ____________  Т. Әбдіғаппарұлы

               «______» ____________ 2024 жыл

«Мұз айдыны» жаппай сырғанау

ЕРЕЖЕСІ

1. Мұз алаңында жаппай сырғанау  Мұз айдыны әкімшілігі бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.  Мұзда сырғынау уақыты 45 минут.

2. «Мұз айдыны» аумағына кіру, Мұз айдыны кассаларында сатып алынған билеттер арқылы жүзеге асады. Мұз айдыны аумағына кіру билеттерінің құны – бекітілген прейскуратқа сәйкес, ал 5 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін тегін.

3. 5 жасқа дейінгі балаларға мұз алаңында сырғанауға рұқсат берілмейді. 5 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға Мұз алаңына кіру тек қана үлкендердің жетекшілігімен рұқсат етіледі. Сондай-ақ,  жетекші адам жаппай сырғанауға, немесе көрермендерге арналған орындарда күтуіне қарамастан, кіру билеттерін міндетті түрде сатып алуы қажет.

4. Мұз айдынының Әкімшілігі өз аумағында музыкалық сүйемелдеуді таңдау құқығын өзіне қалдырады. Егер жалпы музыкалық сүйемелдеу Сізге кедергі келтіретін болса, өзіңізбен бірге құлаққап алып келіп, қажет болған жағдайда пайдалануға құқылысыз.

5. Үшінші тұлғаларға келтірілген зиян үшін Келуші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес жауап береді.

 

6. Жаппай сырғанауға келушілердің  ҚҰҚЫҚТАРЫ:

- мұз алаңына төлеген уақыт мерзімі ішінде болуға;

- конькиді өзімен бірге алып келіп сырғанауға;

- администратордан немесе нұсқаушыдан қажетті ақпарат алуға;

- қажетті жағдайда Мұз айдынның дәрігерлік пунктінен дәрігерлік көмек алуға.

-белгіленген тәртіппен Мұз айдыны аумағында орналасқан дәретхананы, киім ілгішті пайдалану.

 

7. Жаппай сырғанауға келушілердің  МІНДЕТТЕРІ:

- Мұз айдынның тәртібін сақтау;

- мүліктерге ұқыпты болу (спорттық құрылымдар, жабдықтар және т.б.);

- егер олардың меншігі болып табылмайтын жоғалған немесе ұмтылған заттарды тапқан болса (киім, және басқа да бағалы заттар), оларды Мұз айдынның администраторына, нұсқаушысына немесе күзетшіге тапсыру;

- киім ауыстыру бөлмесінде, мұз алаңында тазалық және тәртіп сақтау;

- мұзда сағат тіліне қарсы сырғанау;

- төтенше жағдайға апарып соғатын, қоршаған адамдарға қауіп келтіретін әрекеттерге жол бермеу;

- жаппай сырғанауға өздерімен бірге келген кәмелеттік жасқа толмаған балаларға жауапты болу, аталған балаларды қараусыз қалдырмау;

- жаппай сырғанау барысында жаппай сырғанауға қатысушы басқа адамдармен, қызмет көрсетуші персоналдармен, қоғамдық тәртіпке және қауіпсіздікке жауапты адамдармен сыйласып қатынасу;

- тек қана, киім ауыстыру бөлмесінде, коньки кию және киім ауыстыру;

- конькиді  және аяқ киімді лақтырмай,  арнайы сақтау орнына тапсыру;

- мұз алаңды келесі сеансқа дайындауға байланысты, 15 минут бұрын мұз алаңын босату.

-мұз айдынына тиесілі мүлікке Келушінің кінәсінен зиян келтіріліп, бүлінген жағайда ол материалдық жауапкершілікке тартылады. Мұз айдынының жоғалған, бүлінген және залал келтірілген мүлкі үшін Келуші жоғалған/бүлінген мүліктің құны мөлшерінде материалдық залалды өтеуге міндетті.

 

8. Жаппай сырғанауға келушілерге  ТЫЙЫМ  САЛЫНАДЫ:

- жарылғыш, пиротехникалық, өртқауіптілігі бар бұйымдарды, улы және иісі бар заттарды, кез-келген түрдегі спирттік сусындарды, шылымдарды, кесетін және тесетін заттарды, суық қаруды, есірткі, бас айналдыратын және психотропты заттарды әкелу және қолдану;

 

- сусындарды (соның ішінде спирттік) ішу және тамақты өзімен бірге алып келу;

 

- мұз айдыны аумағында ішімдікке және  есірткіге маскүйде болу;

 

- мұз алаңында мұз құю кезінде болу;

 

- мұз алаңында тамақ және сусындар ішіп-жеу;

 

- мұзға қоқыс немесе басқа заттарды лақтыру, сонымен қатар мұзға конькисіз кіру;

 

- дәретханаға конькимен бару;

 

- конькимен мұзды тебу, ою, сұйықтық төгу немесе басқа да заттарды шашу;

- мұз алаңының борттарына сүйкену және отыру, оларға соққы немесе басқа да амалдар мен залал келтіру;

 

- белгіленген  бағытқа қарсы сырғанау, секіру, жоғары жылдамдықпен қуаласпақ, "паровозик" ойнау қоршаған адамдарға залал келтіретін немесе зақымдауға, жаппай сырғанауға қатысты емес заттарды қолдану, сонымен қатар қоршаған адамдарға қоғамдық қауіпті басқа да әрекеттер жасау арқылы мұз алаңында қауіпті жағдайлар туғызу;

 

- кәсіби  немесе басқа да оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастыру.

 

- Жаппай сырғанауға келген адамдардың, жаппай сырғанауға қатысушы үшінші адамның денсаулығына келтірген зақым мен залалдары үшін Мұз айдыны әкімшілігі жауапты емес.

 

- Мұз айдыны әкімшілігі мен күзетшілері бұл Ережелерді бұзған адамдарды Мұз айдыны аумағынан кез-келген уақытта ақшасын қайтарып бермей шығаруға құқылы.

 

-  Мұз алаңына  жаппай сырғанауға келушілердің жаппай сырғанауға кіру билетін алуы - оның осы ереже талаптарымен танысқандығын білдіреді.

 

-  Егер Мұз айдыны мүлкіне зардап немесе шығын келтірілген болса, Мұз айдыны әкімшілігі кінәлі адамдардан мүлікке келтірілген зардап немесе шығынды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығынның орнын толтыруға құқылы.

 

 

«Мұз айдыны»ШЖҚ  КМК әкімшілігі

 

ЖАНҒА ЖАЙЛЫ ДЕМАЛЫС ТІЛЕЙМІЗ! 

Жаппай сырғанау

Шектеулер
5+
Жұмыс кестесі
Күн сайын 9:00-ден 21:45-ке дейін
Ұзақтық
45 мин.
Массовые катания