Көркем гимнастика секциясына жазылуға шақырамыз!
Көркем гимнастика – сұлулықты, икемділікті және нәзіктікті талап ететін әсем спорт түрі. Бұл өнермен ұштасқан спорт әрбір қатысушының физикалық дамуын жақсартып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін де дамытады. Біздің секцияда сіз кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен дене икемділігі, тепе-теңдік және үйлесімділік дағдыларын меңгересіз.
Секциямыздың басты мақсаты – гимнастиканың негізгі элементтерін үйрету арқылы әрбір қатысушының дене икемділігін арттырып, эстетикалық сезімін дамыту. Біз әр спортшының жетістіктеріне үлкен мән береміз және әрбір жаттығу жеке тәсілдемемен өткізіледі. Жарыстар мен көрсетілімдер арқылы сіз өз өнеріңізді паш етіп, жаңа белестерге жете аласыз.
Егер сіз нәзік те күрделі спорт түріне қызықсаңыз және жаңа шыңдарды бағындырғыңыз келсе – біздің Көркем гимнастика секциясына қосылыңыз!

Әбсултан Гулмира Әбсултанқызы
Көркем гимнастикадан жоғарғы дәрежедегі жаттықтырушы. Ұлттық дәрежедегі төреші.

Садыкова Дана Асылбекқызы
Көркем гимнастикадан жаттықтырушы. Қ Р. Спорт шебері.

Абенова Бану Жакыпбековна
Хореограф.
Спорт секцияларына жазылыңыз
Жаппай сырғанау
