Ұйымның құрылымы
Талғат Әбдіғаппарұлы 1984 жылы 29 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2012-2016 жылыдары «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында факультет: Инженер және технология, «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша білім алған. 2016-2018 жылдары «Академик Ә. Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетін тәмамдап, «Дене шынықтыру және спорт» бакалавры дәрежесін алды. 2022 жылы «Қызылорда «БОЛАШАҚ» Университеті» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігін ЭКОНОМИКА магистр дәрежесін алды. Еңбек жолын 2006-2008 жылдары «ИМАН» ЖШС-де ҚХР-нан құрылыс материалдарын тасымалдаушы болып бастаған. 2008-2009 жылдары «Азия Кызылорда Групп» ЖШС-да Кедендік рәсімдеу маманы болып қызмет атқарды. 2009-2010 жылдары - Байқоңыр кешенінде күрес федерациясы - Байқоңыр самбо федерациясының жаттықтырушысы. 2010-2011 жылдары - Байқоңыр кешенінде күрес федерациясы - Байқоңыр самбо федерациясының Вице-президенті. 2011-2015 жылдары - Байқоңыр кешенінде күрес федерациясы - Байқоңыр самбо федерациясының Президенті. 2011-2018 жылдары «Нұр-Мұсылман» ЖШС Бас директор қызметін атқарған. 2018 жылы Қызылорда облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру дене тәрбиесі клубы» Директорының орынбасары болып қызмет атқарған. 2018-2021 жылдары Қызылорда облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының №4 облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтік балалар мен жасөспірімдер мектебі» Оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. 2021-2022 жылдары Қызылорда облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ғани Мұратбаев атындағы Стадион» КМҚК директор қызметін атқарған. 2022-2023 жылдары Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының «Ғани Мұратбаев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің директоры. 13.01.2023 жылдан бастап ШЖҚ КМК «Мұз айдыны» директор қызметін атқарып келеді. ҚР Халықаралық полиция қауымдастығының мүшесі. Жанұялы, 4 баласы бар. Умарова Эльмира Тлеубергеновна Лауазымы, жұмысы, қызмет орны — Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Мұз айдыны» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Туған күні мен орны — 24.03.1972 ж., Қызылорда қаласы. Ұлты — Қазақ. Білімі — Жоғары. Жалпы жұмыс өтілі — 25 жылдан жоғары. Саладағы жұмыс өтілі — 20 жыл. Осы ұжымдағы жұмыс өтілі — 10 жыл. Умарова Эльмира Тлеубергеновна 1989-1991 жылдары Семей қаржы-экономикалық техникумында оқыды, ал 1991-1992 жылдары Қызылорда облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде кассир қызметін атқарды. 1993-2002 жылдары Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасында бас маман болып жұмыс істеді. 2002-2013 жылдары Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында бөлім бастығы болды. 2013 жылы Қызылорда облысы білім басқармасының «Аймақтық дене тәрбиесі орталығы» МКК-да бас есепші қызметін атқарды. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының «Мұз айдыны» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында бас есепші болып жұмыс істеп келеді. Облыс әкімі, қала әкімі және басқарма басшылығынан құрмет грамоталарының иегері. Умарова Эльмира ұжымда құрметке ие, жауапты, адамгершілігі мол, іскер, ұстамды, алдына мақсат қоя алатын және өз білімін өзгелермен бөлісуден қуаныш сезінетін маман. Жанұялы, 2 баласы бар. Шомишбаев Ергали Анетович 1963 жылы 23 қарашада Жезқазған облысында, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Шомишбаев Ергали 1990 жылы Қазақ дене тәрбиесі институтын жаттықтырушы-оқытушы мамандығы бойынша тәмамдаған. 1983-1985 жылдары КСРО армиясында қызмет атқарды. 1990-2004 жылдары балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде самбо және дзюдо жаттықтырушысы болып жұмыс істеді. 2005-2016 жылдары Қызылорда облысының №3 және №6 олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің директоры болды. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Мұз айдыны» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының спорт жөніндегі директорының орынбасары болып қызмет етеді. 2005-2016 жылдар аралығында Қызылорда облысының велоспорт федерациясының вице-президенті болып, Қазақстан мен Азия чемпиондары мен жүлдегерлерінің жетістіктеріне елеулі үлес қосты. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облысының эстетикалық топтық гимнастика президенті. Осы уақыт аралығында Қызылорда облысының спортшыларына ҚР чемпионаттарында, ҚР Кубогында және Сингапурде өткен «Төрт континент» жарысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қолдау көрсетуде. Жалпы жұмыс өтілі 43 жыл, соның ішінде спорт саласында 34 жыл. Спортты дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін Шомишбаев Ергали Анетович Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісіне ұсынылады. Кали Жакипбек Калиевич 1974 жылдың 21 тамызында Қызылорда облысында дүниеге келген. Қармақшы ауданында. 1992-1994 жылдары Қызылорда коммерциялық колледжінде білім алған. 1994-1998 жылдар аралығында Қызылорда облыстық Ішкі істер басқармасында қылмыстық жазаларды орындау жүйесінде қызмет атқарған. 1995-2000 жылдары Қызылорда Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінде сырттай бөлімін меңгерген. 2000-2005 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2005-2007 жылдары Қызылорда облысының УІІЗ мекемесінде экономист-бухгалтер болып жұмыс жасаған. 2007-2008 жылдары Облыстық ішкі істер басқармасында бухгалтер қызметін атқарған. 2008-2009 жылдары «Кайнар» мекемесінде экономист-бухгалтер қызметін атқарған. 2010-2011 жылдары «Кайсар» ФК экономист-бухгалтер болып жұмыс істеген. 2013 жылдың 13 қаңтарынан бастап ГККП «Мұз айдыны» директордың орынбасары қызметін атқарып келеді. Жанұялы, 3 баласы бар.
Жаппай сырғанау
